لآ اله إلا الله     محمد رسول الله
Аллаһтан басқа шынайы тәңір жоқ,
Мұхаммед - Аллаһтың елшісі

Бастапқы бет

Ислам
(дін туралы жалпы)
әдеби 2     аудио 1
 
Құран
(Аллаһтың сөзі)
әдеби 1     аудио 2
 
Хадис
(Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің сөздері)
әдеби 1     аудио 1
 
Тауһид
(бірқұдайшылық, Аллаһқа серік қоспаушылық)
әдеби 3     аудио 0
 
Ақида
(сенім дұрыстығы)
әдеби 3     аудио 0
 
Фиқһ
(құлшылық дұрыстығы)
әдеби 1     аудио 0
 
Ихсан
(сенім қуаты)
әдеби 2     аудио 1
 
Әдеп
(қарым-қатынас реті)
әдеби 1     аудио 1
 
Тарих
(пайғамбарлар, сахабалар және ізгі мұсылмандар өмірлерінен)
әдеби 1     аудио 0
 
Еркін тақырып
(жоғарыдағы бөлімдерге жатпаған материалдар)
әдеби 1     аудио 2
 
Ұлт құндылықтарынан
әдеби 1     аудио 1
 
Жаңару жорналы
әдеби 17     аудио 9
 
Пікір қалдыру
 
Хат-материалдар жіберу

Қазақ халқын ежелден мұсылман қылып, Ардақты Құран мен Шарапатты Суннаның жолымен жүргізген Қайырымды да Рахымды Аллаһ Тағалаға сансыз мақтаулар болсын.

Аллаһ Тағала қазақ халқына жерін де өте кең қылып, мекенге қолайлы, теңізді, өзенді, таулы, далалы, орманды қылып оған аңын қосып, сулы қылып оған балығын қосып, жайлы қылып беріп тұр емес пе? Болмаса, басқа халық жерлерін қарасаңыз, жерлері жайсыз, немесе тіпті жерсіз де халықтар аз емес еді!

Аллаһ Тағала қазақ халқына жер астын да құнды қылып, мұнайылы, көмірлі, алтынды, газды, жезді, бұл жағынан да мол қылып беріп тұр емес пе? Болмаса, басқа халық жерлерін қарасаңыз, жер астынан байлық көру былай тұрсын, жер сілкініп айырылып, өзіміз-ақ жұтылмасақ болғаны деп тілеп жүретін халықтар да жоқ емес еді!

Аллаһ Тағала қазақ халқына аспанын да ашық, желін самалды, күнін шуақты, жаңбырын жайлы, жерін сілкіністен аман қылып тұр емес пе? Болмаса, басқа халық жайларын қарасаңыз, ұзақтап соғатын күннің аптап ыстығынан, жие қайталанатын дауыл, су апаттарынан әрдайым үрейде күн кешетін, жер сілкінісінен талқан болатын да елдер аз емес еді!

Аллаһ Тағала қазақ халқына жайларын да тыныш, соғыстан алыс, бүліктен аман қылып тұр емес пе? Болмаса, соғыс ауыртпашылығындағы, көтеріліс-бүліктегі елдер де бізден алыс емес еді.

Бұндайдың бәріне Аллаһ Тағала біздің алдымызда еш міндет емес еді. Міндетті болмаса да бізге Өз мейірімін түсіріп, бізді кезкелгенге бермеген түрлі нығметтермен бөлеуде.

Және айтуда:

Мені еске алыңдар, Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкірлік қылыңдар, күпірлік қылмаңдар (қарсы болмаңдар)! (2-сүре, 152-аят)

Егер шүкірлік қылсаңдар, арттыра беремін. Ал егер күпірлік қылсаңдар, азабым тым қатты. (14-сүре, 7-аят)

Шүкірлік – мойындап, оның алғысын қайтару. Күпірлік – оған қарсы әрекеттер істеу. Шүкірлігімізді, алғысымызды Аллаһ Тағалаға қалай қайтарсақ болады? Аллаһ Тағала бізден, жалпы адмазаттан не қалайда?

Аллаһ Тағала бізге "Мені ырзықтандырың" немесе "Мені тамақтандырың" демейді. Керісінше, Аллаһ бізді ырзықтандырып несібе беретін, әрі сол ырзығымен тамақтандыратын да Ол. Ол – мұң-мұқтажсыз. Керісінше, барша жаратылыс Оған мұқтаж! Ал Аллаһтың күш-құдіреті шексіз!

Оның бізден қалайтыны – Оған ешкімді ортақтастырмай, Оған ғана құлшылық қылуымыз.

Жын мен адамзатты тек Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым.
Олардан еш несібе тілемеймін, әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын.
Әлбетте Аллаһ - Ол Ризықтандырушы, қуат Иесі, Мықты. (51-сүре, 56-58 аяттар)

Құлшылық – ол Аллаға ешқандай пайда әкелмейді. Керісінше, құлшылық - адамзаттың пайдасы. Құлшылық – адамды өзінің Жаратушысымен байланыстырады, бүкіл мүлік-нығметтің Иесімен, шүкірлі құлына арттыратын, күпірлі (қарсы) құлды қор қылатын, Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді, алайда, ашуы түссе ешкім араша бола алмайтын, бүкіл жаратылыстың Иесі Аллаһ Тағаламен байланыстырады. Құлшылық – пенденің нығметін арттырып, Аллаһтың қорлығынан алыстатады. Нағыз таза, нағыз пайдалы нәрсені (халалды) пайдаландырып, нағыз зиянды, лас нәрседен (харамнан) тоқтатады. Өзіңнің Жаратушың, шынайы Иең, шынайы Құдайың, тағдырың нағыз Оның ғана қолында болған Аллаһтың ғана алдында бас игізіп, басқа жалған тәңірлердің алдында басыңды тік ұстатады. Әр нәрсенің парқын көрсетіп, көзіңді ашып, түнектерден Жарыққа шығарады.


Соңғы материалдар:


Діни қазақша сайттар:


Сұрақ-жауап:

Өзіңізді мазалап жүрген шариғи мәселелер болса, iman.solai.de сайтында cұрасаңыз болады.